Алматы маңында жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі бүгін сағат 7:13-те Алматы маңында жер сілкінгенін хабарлады.
Белгілі болғандай, жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстігінен 95 шақырым қашықтықта, яғни Қырғызстан аумағында болған.
Жер сілкінісі (МSК-64 шкаласы бойынша) тұрғындарға сезілмеген.
Оның энергетикалық класы - 10.7. Ал магнитудасы - MPV 4.9. Сондай-ақ жер сілкінісі ошағының тереңдігі 5 шақырым, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 19 мыңға жуық науқас коронавирустан емделуде
Өзгелердің жаңалығы