Алматы маңында жер сілкінді

Алматы, BAQ.KZ. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2021 жылғы 9 сәуірде Алматы уақытымен 11 сағат 54 минутта сезімділігі жоқ жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 290 шақырым жерде, Алматы облысы Райымбек ауданының таулы аумағында орналасқан.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.8. MPV магнитудасы 4.0. Эпицентрдің координаттары 42.54° с.ш. 79.57° в.д. Тереңдігі 15 шақырым.

Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ,-делінген хабаралмада.

Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы