Алматы маңында жер сілкінді
6 қаңтарда Алматы уақытымен түскі 14:26 кезінде жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 516 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.1.
MPV магнитудасы — 4.3.
Тереңдігі — 15 шақырым.
MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ, - делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы