Алматы маңында жер сілкінді
12 мамыр 2025 жылы сағат 06:33-те (Астана уақытымен) Қазақстан ТЖМ-нің Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Ошақтың тереңдігі – 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,4. Магнитудасы (MPV) – 4,8.
Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағында бұл жер сілкінісі сезілмеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан экономикасы биылғы төрт айда 6%-ға өсті
Өзгелердің жаңалығы