11 Қаңтар 2025 2025, 00:05 Фото: pixabay.com

Алматы маңында жер сілкінді

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісі Қытай аумағында болған.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 22:48-де тіркелді, - деп атап өтті сейсмикалық станциялар желісі.

Табиғи апат ошағының координаталары: 41.316° солтүстік ендік және 78.950° шығыс бойлықты құраған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласының маңынан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырымда орналасқаны анықталды.