Алматы маңында жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 15 желтоқсан Астана уақыты бойынша 23 сағат 23 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: 44.000 солтүстік ендік, 76.910 шығыс бойлық. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан, - делінген хабарламада.
Есептік қарқындылығы:
- Қонаев қаласы 3.0 б.
- Алатау қаласы (Жетіген) 2.0 б.
- Курты с. 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Өзгелердің жаңалығы