Алматы маңында жеңіл көлік рельстер арасында тұрып қалды
"Медеу-Жетісу" учаскесінде Toyota Land Cruiser автокөлігі рұқсат етілмеген жерде темір жолға шығып кетіп, рельстердің арасында тұрып қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға салдарынан "Алматы-Павлодар" жолаушылар пойызы 16 минутқа кешігіп келген.
Аталған жағдайға байланысты Көліктегі полиция департаменті пікір білдірді.
Қонаев стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері автокөлікті басқарған 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі (Темір жол өткелдерін кесіп өту ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды, - деді Көліктегі полиция департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Еліміздегі доллар тағы өзгерді
Өзгелердің жаңалығы