Алматы маңында жеңіл көлік екі жүк көлігінің ортасында жаншылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, салдарынан жеңіл автокөлік екі жүк көлігінің ортасында қысылып қалды.

Жол апаты бүгін таңертең Көкөзек ауылының маңында болды. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. 


Алматы полиция департаменті жол апаты 17 мамырда сағат шамамен 10:00-де Қарасай ауданындағы «Жібек жолы - Елтай - Боралдай» автожолында болғанын хабарлады.


HUALING маркалы жүк көлігі кептеліс кезінде қашықтық сақтамай, «Мазда-626» автокөлігімен соқтығысты, кейін жеңіл көлік инерция бойынша алда келе жатқан VOLVO жүк көлігіне соғылды. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі зардап шекті, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы