Алматы маңынан қару салынған сөмке табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының маңынан қару салынған сөмке табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қару жасырылған жер шаһардың Алатау ауданындағы кірпіш зауытының жанынан табылды.

Оқ-дәрілер мен қару-жарақ үлкен спорттық сөмкеге ұқыпты салынған. Сонымен қатар, қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық жолмен алынған оқ өтпейтін кеудеше мен темір қалқан табылды. Сөмкеде граната, 4 тапанша, мылтық, 2 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 287 патрон жасырылған. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәркіленген арсеналға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, қару жасырынған жердің “авторын” және тағдырын анықтау бойынша кешенді жедел және арнайы шаралар жүргізілуде, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы