Алматы маңынан өрт шықты
Алматы облысының Первомай өнеркәсіптік аймағында өрт шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне сағат 6.59-да Первомай өнеркәсіптік аймағында металл конструкцияларынан жасалған полиэтилендік тауарларды сақтау қоймасы жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жіберілді. Өрт орнына ең жақын орналасқан Боралдай кентінің 9-өрт сөндіру бөлімінен арақашықтық - 15 км. Облыс орталығынан арақашықтық - 87 км. Сағат 7:20-да алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде нысан толығымен отпен оранған. Сонымен қатар, шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары шақыру орнына жіберілді. Өрттің үлкен аумаққа таралуының себебі - өрт туралы кеш хабарлаған. Қабылданған шаралармен өрт сағат 9:12-де оқшауланды. Жақын маңдағы қоймаға оттың таралуына жол берілмеді. Ең жақын өрт гидранты 1500 метр қашықтықта орналасқан. Өртті сөндіру жалғасуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің таралу қаупі жоқ, – дейді Алматы облысы ТЖД.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Өрттің алдын - ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 37 қызметкері мен 14 техникасы және Алматы қаласы ТЖД 22 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Алматы облысының ТЖД қысқа тұйықталуды болдырмау үшін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Сәйкес емес оқшауланған ескі сымдарды пайдаланбаңыз, электр жұмыстарын жүргізу кезінде абай болыңыз. Электр нүктелерінің – розеткалар мен ажыратқыштардың жағдайын үнемі қадағалаңыз. Қажет болса, оларды дереу ауыстырыңыз. Зақымдалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, –дейді Алматы облысы ТЖД.