16 Сәуір 2023 2023, 10:25 Фото: vlast.kz

Алматы маңайында тағы бір жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 43 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыдан 43 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 16 сәуірде сағат 08:55-те Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінде жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.2. MPV магнитудасы 3,8, тереңдігі 5 шақырым, - делінген СТӘӘ хабарламасында.

Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ.