Алматы маңында жер сілкінісі болды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.


25 шілде күні сағат 13:32 шамасында Алматы облысының аумағында Алматы қаласынан 122 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды өңірдің ТЖД баспасөз қызметі.

"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция" сейсмикалық станциялар желісінің мәліметі бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысы Кеген ауданының аумағында Алматыдан шығысқа қарай 122 шақырым жерде 5 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,1. Магнитуда MPV-3,2. Кеген ауданының Саты ауылындағы жер дүмпуі 2 балл дәрежесіне сезілді.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тиісті аумақтардағы жағдайды анықтау үшін әкімдікті, Полиция департаментін, прокуратураны, Қазселденқорғау және басқа да ұйымдарды хабардар етті.

Қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы