Алматы қызыл аймақта. Қалада КВИ жағдайының өсу себебі айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн-брифинг барысында қалада КВИ жұқтыру жағдайының неліктен күрт көтерілгенін айтты.
Оның айтуынша, ауа райының жылынуымен қалалық және қала маңындағы тұрғындар арасында әлеуметтік байланыс артқан. Қала тұрғындары КВИ жиі жұқтыратын орындары - қоғамдық көлік, отбасылық байланыстар, сауда нысандары көрінеді.
Сауда нысандарында 22%, қоғамдық көлікте 18% жұқтырған, қоғамдық көлікте және қоғамдық орындарда жұқтырған отбасы мүшелеріне жұқпаның тізбекті берілуі 33% , отбасылық іс-шараларда жұқтырғандар саны 3%-ға ұлғайған, мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін оқудың басталуымен байланысты да артқан. Мәселен, 14 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы 22,4% - ға артты, соңғы жеті күнде 138-ден 169 жағдайға дейін өсіп отыр,-дейді ол.
КВИ науқастарының жасы құрылымы бұрынғы деңгейде қалып отыр. 14 жасқа дейінгілер – 169 науқас, бұл жалпы ауырғандардың 9,6% құрайды. 15-19 жас – 75 науқас, 20-39 жас аралығында – 560, 40-59 жас - 434, 60 жастан жоғары – 359 науқас.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саиров: Әйелдің әйел, еркектің еркек болғанын қалаймын
Өзгелердің жаңалығы