Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі іске қосылады
Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсі 2024 жылдың наурыз айында ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова атап өткендей, бүгінде мегаполис әлемнің 82 елімен 42 тікелей бағыт пен визасыз режиммен байланысты. Наурыз айында Алматы мен Куала-Лумпур тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.
Биыл маусым айында Алматы қаласы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталады.
Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушы. Осылайша, 2024 жылы шетелдік туристер саны 520 мың адамға жетеді деп болжануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
24 шетел азаматы шекараны бұзған – ҰҚК
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы