Алматы көшесінің бірінде автобус жолағымен жүруге рұқсат етілді
Райымбек даңғылында, Сайын мен Яссауи көшелеріне дейінгі жол учаскесінде қоғамдық көліктер кептеліс уақытында автобус жолағымен жүре алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс күндері сағат 20.00-ден 6.30-ға дейін; демалыс және мереке күндері шектеусіз.
Көлік қозғалысына бұл жаңалықты енгізу арқылы демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесі шешілмек. Тестілік режимде енгізіліп, 2023 жылдың соңына дейін жалғасады. Одан кейін салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады, - деп хабарлады Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы.
Айта кетейік, бұл шара пилоттық жобаның екінші кезеңі болып саналады. 2022 жылы наурызда қоғамдық көлікке бөлінген жолақтар бойынша жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы сызбасына өзгеріс енгізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тану ұсынылды
Өзгелердің жаңалығы