Алматы көшелерін ыстық су басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тағы да су құбыры жарылды. Бұл жолы төтенше жағдай Жетісу ауданында болды, деп хабарлады BaigeNews.kz. 


"Алматы көшелерін тағы су басты. Апатты жағдай Жетісу ауданының Галилей көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша ыстық сумен жабдықтайтын құбыр жарылған. Қазіргі уақытта қаланың тиісті қызметтері апаттың салдарын жоюға кірісті", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 14 қазан күні Райымбек даңғылы мен Бөкейхан көшесінің қиылысында үлкен құбыр жарылып, апаттық жағдай орнап, салдарынан 3 автокөлік зақымдалған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы