Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы ұсталды
Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар декларацияны қалай тапсырады
Өзгелердің жаңалығы