Алматы колледждеріне дуальды оқытуды енгізу жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Қазір дуальды оқыту 361 кәсіпорынмен бірге 48 колледжде 41 мамандық бойынша 7100 студентті қамтып отыр. Дуальді оқыту кезіндегі өндірістік практикадан өту мерзімі студенттің еңбек өтіліне есептеледі, яғни 6 айдан 1,5 жылға дейін, - деді ол.

Сонымен қатар ол 2020-2021 жылдары «Жас маман» жобасы аясында 18 колледж республикалық және жергілікті бюджет есебінен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталғанын жеткізді.

2015 жылдан бастап Алматы қаласының колледждері  жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және әлемде кәсіптік білім беруді мақсат еткен WorldSkills халықаралық коммерциялық емес қозғалыстың тұрақты қатысушы екен. WorldSkills чемпионаттары – бұл бүкіл әлемде өткізілетін беделді іс-шара және мұнда құзыреттер, яғни еңбек әрекеттерін орындау біліктері мен дағдылары бойынша жарыстар өткізіледі.

2022 жылдың 10 мамырында WorldSkills Almaty аймақтық чемпионатын өткізу жоспарлануда. Биылғы жылы 49 құзырет бойынша өтінімдер берілді, оның аясында 406 сарапшы жұмыс істеп, 314 конкурсант қатысады, - деді Қ. Жұманов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы