Алматы клиникаларын жаңа құрылғылармен жабдықтау жалғасуда
Алматы, BAQ.KZ. Алматы клиникаларын медициналық құрылғылармен жабдықтаудың үш жылдық бағдарламасы аясында мегаполистегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығаюда. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Модернизациялау бағдарламасы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған. Алматының медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту үшін 2020 жылы жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлініпті.
Бұл қаржыға ӨЖЖ 285 аппараты, жоғары ағынды O2FLO оттегі терапиясының 250 аппараты, 1050 оттегі концентраты сатып алынды. Алматы Қоғамдық денсаулық басқарамасына қарасты медициналық ұйымдарға 47 бірліктегі рентген аппараты, 52 УЗИ аппараты берілді,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК, И. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, Модульді орталыққа, «Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК, «Жедел медициналық көмек көрсетудің қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК,«Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ МКК-лерге 6 оттегі станциясы орнатылған.
Модернизациялау аясында №4 Қалалық клиникалық ауруханаға орнатылған жаңа мультиспиральді МСКТ – Hitachi Supria, 128 тілімді компьютерлік томография іске қосылды. Оның артықшылығы, жүрек пен коронарлық артериялардың атеросклеротикалық өткізгіштігін анықтайды әрі тез сканер жасайды, өйткені тиісті хаттамалар жасау үшін жедел сканерлеу қажет,-делінген хабарламада.
16 тілімді аппаратта бір анатомиялық денені сканерлеу 12-ден 35 секундқа дейін созылатын болса, 128 тілімді аппаратта сканерлеу 8 есе жылдам жасалады.