Алматы әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, халықты жұмыспен қамту мәселесін талқылады. Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Алматының бизнес — қауымдастығымен, еңбекпен қамту орталықтарымен, өкілетті құрылымдармен еңбекпен қамту және жұмыс орындарын құру бойынша ашық әңгіме өрбіді. Біздің мақсатымыз — сапалы жұмыс орындарын құру, еңбекпен дұрыс қамтылмағандар мен жұмыссыздар санын қысқарту, қала экономикасының құрылымына сай кадрлар даярлау жүйесін жақсарту. Ашық экономикалық сараптама қажет: бұл не және қалай жасау керек. Қаланың еңбек нарығында орын алған проблемаларды шешудің жолдары қандай. Кеңесте мен өзімнің сұрақтарыма нақтылы жауап ала алмадым»,-деп жазды ол.

Қала басшысының айтуынша, әлеуметтік әл-ауқат (Сайфеденов), стратегия және бюджет (Жазылтаева), кәсіпкерлік және инвестициялар (Наурызбеков) басқармаларының халықты еңбекпен қамту жұмыстарының жүйесі жеткіліксіз.

«Екі аптадан соң бұл мәселеге қайта ораламын»,-деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы