Алматы ХҚКО қызметкерлері қала тұрғындарына өтініш айтты

Алматы, BAQ.KZ.  "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы  филиалы фронт-офистерінің (ХҚО) қызметкерлері қазақстандық дәрігерлер бастаған челленджге қолдау көрсетіп, алматылықтарды коронавирус ахуалына байланысты үйде қалуға шақырды.

ХҚО қызметкерлері адамдарды үйде қалуға және адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырып, қолдарына "Мен сіз үшін жұмысқа шықтым. Сіз мен және өзіңіз үшін қызметті үйден онлайн алыңыз!" деген фотоларын таратты.



"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы  филиалында халыққа қызмет көрсететін 17 фронт-офис бар. Сағат 9-00-ден 18-00- ге дейін жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дәрігерлер халықты карантин кезінде үйде қалуға шақыру үшін челлендж жариялаған болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы