Алматыда азық-түлік бағасын ұстап тұрудың кешенді шаралары жүргізілуде

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бағаны ұстап тұрудың кешенді шаралары қолға алынған, яғни бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға, азық-түлікті тікелей жеткізуге, бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктеріне ерекше мән берілуде. Бұл туралы "Алматы" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасы Асқар Білісбеков брифинг кезінде айтты. 

Брифинг барысында ӘКК басқарма төрағасы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің, ең алдымен халық тұтынатын тауарлардың бағасы күрт өсіп кетпеуі үшін бағаны ұстап тұру шараларының жүріп жатқанын хабарлады.

Қазіргі кезде ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру шараларын жүзеге асыруда, олар – қалыптағы нан, ұн, сиыр және қой еті, көкөніс өнімдері, - деді ол

Оның айтуынша, бүгінгі күні қалада нанның бағасын сақтау туралы келісімге қолжеткен. 

Ол үшін ұн өндіретін "AizetFarms" ЖШС және нан шығаратын - "Рузи Нан", "Алматы Нан", "№7 нан зауыты", "Алтын Башақ" сынды жетекші кәсіпорындармен нан шығаратын кәсіпорындарға 2020 жылдың қаңтарына дейін 1 сортты ұнды үздіксіз жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Жеткізу көлемі – кемдегенде 3000 тонна, сараланған баға 115 теңге бойынша әрі бұған өнімді жеткізу де енеді, - деді ол.

Өз кезегінде НШК бір бөлке нанның бағасын 79 теңге шамасында ұстап тұруға міндеттелген. Аталған кәсіпорындар күніне кем дегенде 30 тонна өнім шығарады, қалада қалыпты нанды пайдалану тәулігіне 15%-ды құрайды екен.

Осылайша, республикаға шаққанда халық пен оның аз қамтылған санатын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде алматылық баға деңгейі ең төменгі мөлшерін сақтап қалуда. Жетекші сауда желілерімен тұрақты байланыс орнату арқасында негізгі көкөніс өнімдерінің бағалары (картоп, пияз, сәбіз, қырқабат) 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың сәуірі бойынша тұрақты болады. Аталған өнімдердің баға дәлізі бөлшек саудадағы бағадан 15-20%-ға төмен, - деді А. Білісбеков.

Сонымен қатар, ол өндірушілермен бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде 1 кг сиыр етінің бағасы 1900 теңге деңгейінде қалғанын жеткізді. 

Бағаны ұстап тұруға жергілікті жерлердегі "жексенбілік жәрмеңкелердің" өтуі оң ықпал етуде. Оларға айына 240 мыңнан астам тұтынушы келуде, ал тауар айналымы 6 млрд теңгеден астам, - деді ол.

"Алель Агро" АҚ және "Скиф-трэйд" ЖШС-мен келісім жасалып, меморандумға қол қойылған. Оның барысында, "Small" дүкендерінде 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың сәуірі аралығында сату бағасы 797 тенге/кг деңгейінде болмақ. Өз кезегінде "Алель Агро" тоңазытылған құс етін "Small" жүйелеріне 745 теңгеден өткізген.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру жөнінде тұрақты қор құрылды. Есепті кезеңде оның қорында жалпы бағасы 722,5 млн теңге болатын 2547,1 тонна өнім бар, оның ішінде бағасы 104,4 млн теңге болатын 348,1 тонна қарақұмық, 265,6 млн теңгелік 699,03 мың литр сұйық және өсімдік майы, 352,5 млн теңгелік 1500 тонна қант өнімдері бар, сонымен қатар, бағасы 430 млн теңге болатын 2000 тонна қант жеткізу үшін фьючерсілік келісім жасалды, - деп атап өтті Асқар Білісбеков.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің қосымша бағасын 15%-дан арттырмау жөнінде аудандар әкімдіктері мен 27 сауда субьектілерімен ("Magnum", "Small", "Рамстор", "Тоймарт", "Carefood", "Galmart", "Столичный", "Юбилейный", "Чайка" және басқалары) меморандумға қол қойылған. Егер баға күрт көтерілсе немесе өнім тапшылығы байқалса, онда ӘКК өзінің жеке сауда инфрақұрылымдары және серіктестерінің сауда жүйелері арқылы тауар инвентаризациясын жасауға дайын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы