Алматы кәсіпкерлері бизнесті қорғау бойынша 207 өтініш жазған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында айтты.
Кәсіпкерлер палатасы қызметінің маңызды бағытының бірі кәсіпкерлердің құқығын қорғау екенін айтқан палата директоры, жыл басынан бері бизнесті қорғау аясында 207 өтініш келіп түскенін және оның 172-сі оң шешілгенін жеткізді. Бұл жерде қорғалған мүліктік құқықтардың сомасы 4,674 млрд теңгені құраған.
Палата тұрақты негізде бизнес субъектілерінің мүдделерін қорғайтын республикалық және өңірлік нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жүргізеді. Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актісінің 51 жобасына сараптама жүргізілді. Бұл ретте ескертулерсіз 41 қорытынды және ескертулері бар 8 қорытынды берілді, бұл жалпы санның 15,6% - ын құрайды,-деді ол.
Оның айтуынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрт отырысы өткен. Онда 10 мәселе қаралып, оның тең жартысы оң шешімін тапқан.
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден («Алгамед» ЖШС, «КазСПО-N» ЖШС) учаскелік полиция инспекторларының іс-әрекеттеріне тиісті құжаттарсыз «тексерумен» келген, бейне түсірген, қызметкерлердің құжаттарын маскасыз алып қойған, түсіндірме сұраған, әкімшілік айыппұлдармен қорқытқан бірнеше өтініштер келіп түсті. Кәсіпкерлер тарапынан жіберілген өтініштердің нәтижелері бойынша Алмалы және Жетісу ауданы Полиция бөлімшесіне учаскелік полиция инспекторларына қатысты қызметтік тергеу жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін аталған тұлғалар сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-дейді Қошмамбетов.
Сонымен қатар ол Бизнес-омбудсменнің тапсырмасы бойынша ТЖ кезінде Алматы қаласындағы ірі сауда орталықтарды, сауда үйлерінде және басқа да коммерциялық нысандардың жалға алушыларының проблемалық мәселелері бойынша жұмыс тобы жұмыс істегенін айтты.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 2,7 млрд теңге сомасына сауда нысандарын жалға алған 12 769 кәсіпкердің мүддесі қорғалды,-дейді ол.
Алматыда қарапайым заттар экономикасы аясында 47,9 млрд теңге тұратын 15 жоба мақұлданғаны туралы осыған дейін хабарлағанбыз.