Алматыда карантин режимін бұзған 577 адам абақтыға қамалған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы уақытқа дейін карантин режимін бұзған 1965 адамға әкімшілік хаттама толтырылды, оның 577-сі абақтыға қамалды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, карантин басталғалы Алматы полициясы қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізіп келеді. Дегенмен осы уақытқа дейін карантин режимін бұзған 1965 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.Оның 577-сі абақтыға қамалды, 1054 адамға айыппұл салынды. 334 адамға ескерту жасалды. Блок-бекеттердегі өту дерегі бойынша, 397 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Соның 169-ы қамауға алынды, - дейді Таймерденов.
Бұған дейін Алматы әкімдігі қала тұрғындарына аулаға серуендеуге және қала сыртындағы саяжайға баруға рұқсат етілгенін хабарлаған. Алайда Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мұндай рұқсаттар карантинге жабылған үйдің тұрғындары үшін жарамсыз екенін айтты.
Карантинге жабылған үйлердің тұрғындарына аулаға шығуға түбегейлі тыйым салынған. Сондықтан ол азаматтар әзірге үйінде болады, - деді ол.Брифинг барысында әкім орынбасары Алматыда өзге өңірлерге қарағанда коронавиурс жұқтырғандар неліктен көп деген сұраққа да жауап берді.
Біз алғашында коронавируспен күресте алғы шепте жүргендерді барынша тексеруді қолға алған едік, ол полиция, медицина қызметкерлері, тамақ тасушылар, блок-бекетте жұмыс істейтіндер. Осындай тәуекел тобына жататындарды кеңінен тексерудің арқасында вирус жұқтырғандарды көптеп анықтадық. Қазір Алматы бойынша 909 адамның вирус жұқтырғаны белгілі, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы тұрғындарына аулаға шығып серуендеуге рұқсат етілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы