Коммуналдық меншікті жалға беру төлемі 3 айға шегерілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ШОБ субъектілеріне коммуналдық меншікті жалға беру төлемі тоқтатылды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі коммуналдық меншік объектілерінің жалдау төлемдерін есептеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.Осылайша, биылғы жылдың 20 наурызынан бастап мүліктік жалға алу шартын жасасқан жалға алушыларға 3 ай мерзімге жалдау бойынша есептеу тоқтатылады.
Бұл ретте жалға алу төлемін тоқтата тұру Алматы қаласындағы төтенше жағдай жарияланған және карантинге байланысты жалға алу төлемдерін уақытылы төлеуге мүмкіндігі жоқ шағын және орта бизнес субъектілеріне ғана беріледі . Бұл шаралар кәсіпкерлік субъектілеріне жұмыс орындарын сақтауға және еңбекке ақы төлеудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантинде жатқан студенттерге азық-түлік жеткізілді
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы