Алматы көшелерін залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда
Алматы, BAQ.KZ. Таңертеңнен бастап қаланың адамдар көп шоғырланатын орындары мен көшелерін дезинфекциялау жұмыстары жалғасын тапты.
Алматыдағы төтенше жағдайлар режиміне байланысты қалалық коммуналдық қызметтер барлық көшелер мен тротуарларды және жаяу жүргіншілер жолдарын жуу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаладағы қоқыс жәшіктеріне, саябақтар мен скверлердегі балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына және басқа да тұрғындар көп шоғырланған орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Кеше қаланың Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев күн сайын жалпы көлемі 29 млн шаршы метр аумақ тазаланып, залалсыздандырылып отыратынын айтқан. Ол үшін 230 жол және 50-ден астам тротуарлады тазалайтын машиналар жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда бірнеше күн қатарынан тұманды ауа райы сақталады
Өзгелердің жаңалығы