Алматы көшелерін тағы да су басты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының Қонаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында құбырдан аққан су қала көшелеріне жайылуда.

Апат болған жерде ешқандай ескерту белгісі қойылмаған. Далаға аққан су Қонаев көшесі бойымен төмен құлдилап көліктердің жүрісіне кедергі келтіруде.

Қазан айының 15 күні Алматыдағы Maxima сауда орталығының аумағында құбыр жарылып, аспанға атқылаған судың диаметрі 50 сантиметрге жеткен еді.

Сондай-ақ қазанның 14 күні Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында да құбыр жарылған болатын. Ол кезде көліктер тоқтап, адамдар темір тұлпарының үстіне немесе биік жерлерге шығып, бас сауғалан еді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы