Алматы индустриялық аймағында 800 млрд теңгеге өнім өндірді

Алматыда бір жыл ішінде жалпы сомасы 4,8 млрд теңгеге үш ірі өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылып, 229 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматының индустриялық аймағының директоры Әлішер Сатыбалдиев мәлімдеді.

АИА өңірдің өнеркәсіптік, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын маңызды бөлігі. 2023 жылы индустриялық аймақтағы компаниялар 796,6 млрд теңгеге өнім өндіріп, 9,2 млрд теңгеге салық төледі. Бір жыл ішінде жалпы сомасы 4,8 млрд теңгеге үш ірі өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылып, 229 жұмыс орны ашылды, – дейді Әлішер Сатыбалдиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы