3 Мамыр 2024 2024, 17:32 Фото: almatyzoo

Алматы хайуанаттар бағында жұмыс уақыты ұзарды

Алматының хайуанаттар бағында жазғы маусым басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматының хайуанаттар бағында жазғы маусым басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жазғы маусым басталғанын мекеме өзінің әлеуметтік желілерінде мәлімдеді. Хайуанаттар бағының жұмыс уақыты енді 19:00-ге дейін ұзарды.

Бізде қуанышты жаңалық! Зообағымызда жазғы маусым ашылды! Қыс мезгілінен кейін зообақ аумағы қайта қалпына келтіріліп, жұмыс уақыты 9:00-ден 19:00-ге дейін ұзарды. Кассалар 18:00-ге дейін ашық. Біздің жануарларымыздың бәрі жазғы қоршауларға шығарылды, – делінген жазбада.