Бүгiн 2026, 06:43 Фото: Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағында канадалық сілеусіндер пайда болды

Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты.  

Хайуанаттар бағына АҚШ-тан жануарлар алмасудың халықаралық бағдарламасы аясында канадалық сілеусіндердің жұбы жеткізілді.

Міндетті карантиннен және ветеринарлық бақылаудан өткеннен кейін сілеусіндер жаңа ортаға сәтті бейімделіп, бүгінде келушілер үшін қолжетімді болды.

Еркек сілеусін – 3 жаста, ұрғашысы – 7 жаста. Олар ұсақ жыртқыштарға арналған вольерлер кешеніндегі "леопард шеңберіне" орналастырылды.

Жануарлар үшін паналайтын орны, салқындатқыш және ауа ылғалдандыру жүйелері бар кең вольер жабдықталған.

Хайуанаттар бағының мамандары жаңа жұптың ортаға толық бейімделіп, болашақта төл беруіне үміт артады. Бұл сирек кездесетін жануарлар түрін сақтауға қосылатын маңызды үлес болмақ.