Алматы халықаралық әуежайы 10 миллионыншы жолаушыны қарсы алды

Алматыға ұшатын авиакомпаниялар саны 24-тен 37-ге дейін өскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылдың тоғыз айында жолаушылар ағыны 8,5 миллион адамға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 21% - ға өсті.

Бүгін біз әуежай мен қала тарихында алғаш рет 10 миллионыншы жолаушыны қабылдадық. Бұл жолаушы автоматты жүйе арқылы анықталды және бұл Шымкент қаласынан келе жатқан азамат. Жалпы Алматы халықаралық әуежайында жолаушылар ағыны өсіп келеді. Оған салынған инвестициялар мен жаңа терминалдың ашылуы әсер етуде. Биыл жолаушылар саны 11 млн жетеді деп ойлаймыз. Әуежайда 20 миллионыншы жолаушы қабылдайтын күннің ауылы да алыс емес, - деді Алматы әуежайының президенті Гокер Косе.

автордан
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы