Алматы халқы жылдан жылға көбеюде: 2030 жылға қарай қаланы не күтіп тұр

Алматы халқының саны жылдан жылға көз ілеспес жылдамдықпен өсіп жатыр. Осыған орай алдағы бес жылда мегаполис елеулі инфрақұрылымдық мәселелерге тап болуы мүмкін, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Адамдар ауылдан қалаға көшуде

Қазақстанда урбанизация сарапшылар күткеннен де жылдам жүріп жатыр. Қазір халықтың 63,1%-ы қалаларда тұрады, ал болжам бойынша бұл көрсеткіш 62,6%-дан аспауы тиіс еді. Егер өсім осылай жалғаса берсе, 2030 жылға қарай қазақстандықтардың 69%-ы қалаларда өмір сүретін болады.

Қазақстандағы халық саны ең көп өңір

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қалаларда 12,8 млн адам, ал ауылдарда 7,5 млн адам тұрады. Халық ең көп шоғырланған орталықтар — Астана мен Алматы.

“Астана қарқынды дамып жатқандықтан, урбанизация елордада Алматыдағыдай кері әсерін тигізіп жатқан жоқ. Елдің ең ірі мегаполисіне, біріншіден, көбірек адам көшіп келуде. Екіншіден, қала әлі көптеп келген халыққа лайықты өмір сүру деңгейін, баспана мен инфрақұрылымды қамтамасыз ете алмай отыр”, — дейді Energyprom аналитиктері.

Соңғы 10 жылда Алматы халқы 42,8%-ға өсті. Қазір мұнда 2,3 млн адам тұрады, ал қала маңындағы аумақтарды қосқанда — 3 млн-нан асады.

“Алматы агломерациясының жалпы халқы 3,8 млн адамнан асты. Жыл сайынғы өсім шамамен үш пайызды құрайды — бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Әсіресе халықтың күрт өсуі пандемия кезеңінде байқалды”, — дейді сарапшылар.

Адам көбейген сайын, экология нашарлайды

Мамандар болжамынша, 2030 жылға қарай Алматы халқы 4,5 млн адамға жетуі мүмкін. Бұл көлік желісіне, коммуникацияға жүктемені арттырып, экологияны нашарлатады.

Еңбек өнімділігі соңғы 5 жылда өзгеріссіз

Халықтың өсуі әзірге еңбек өнімділігінің артуымен қатар жүріп жатқан жоқ. 2024 жылы бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда Алматыда өзгермеген — индекс 99,9% деңгейінде қалды. Тек 2023 жылы ғана 3,7% өсім тіркелген.

Экономист Елдар Абдразаковтың айтуынша, табысты урбанизация мысалдарына өндірістік қалаларды — Шэньчжэнь мен Нью-Йоркті жатады. Урбанизация тұтынушы қала болған кезде орын алады, дейді ол.

Тығырықтан шығу жолы – жаңа мегаполис салу

Ең жоғары еңбек өнімділігі — қызмет көрсету, қаржы және сауда салаларында байқалады. Осы жере заңды сұрақ туындайды: халықтың көбеюі еңбек өнімділігін арттыра ма?

“Алматы агломерациясындағы демографиялық өсім тек экономикалық тиімділік артқан жағдайда ғана орынды болады. Бұл тығыз әрі үлкен мегаполиске көмектесе алатын жалғыз жол — тағы бір мегаполис салу. Осы мақсатта Алматыға жақын жерде жаңа „ақылды” қала — Алатау салынып жатыр“, — дейді урбанист сарапшылар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы