Алматы фристайлдан әлем чемпионатын қабылдайды
Алматы қаласы фристайлдан әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы жарыс ертең басталады. Дүниежүзілік дода қатысушылары қазір "Шымбұлақ" шаңғы базасында соңғы дайындықты пысықтап жатыр.
Байрақты бәсекеге еліміз атынан 10 спортшы қатысады. Әлем чемпионатының өзі 4 күнге созылады және жалпы қорытындысы 11 қаңтарда белгілі болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы