Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес аяқталды

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. ЕАЭО елдері ынтымақтастық жөнінде бір қатар келісімге қол қойды. Соның бірі Су қатынасы жөніндегі келісім. 

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы аяқталды. Жиын барысында бір қатар келісімдерге қол қойылды. Оның ішінде үлкен маңызға ие келісімнің бірі су қатынасы туралы меморандум. Бұл бағытта жұмыстар бірнеше жылға созылып келген.

Беларус Республикасының премьер-министрі Сергей Румас ЕАЭО аясында ынтымақтаса жұмыс істеуді жалғастыра беруді ұсынды.

«Біз осымен екінші жыл «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күнтәртібі» атты ауқымды форумға қатысып отырмыз. Оны өткізу идеясы ҚР президенті Н. Назарбаевтікі. Сондай-ақ биыл ЕАЭО құрылғанына бес жыл толады. Одақ құрылды және даму үстінде, бізге енді артақ кетпей жұмыла жұмыс істеу керек. Яғни интеграциямызды нығайта түсуіміз керек»,-деді ол.

Сонымен қатар, биыл ЕАЭО-ға төрағалық ету Армян еліне өтті. Еуразиялық үкіметаралық кеңес енді көктем мезгілінде Ереван қаласында өтетін болды.

Бүгінгі Еуразиялық үкіметаралық кеңесте ЕАЭО аясында интеграциялық іс-әрекет төңірегінде бір қатар өзекті мәселелер қаралды. Әсіресе сауда-экономикалық салада ынтымақтаса жұмыс істеу, одаққа мүше елдер арасындағы өзара сауданы арттыру және ішкі нарықтағы түрлі кедергілерді жою мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, экономиканың жеке салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту жағы кеңес отырысынан тыс қалмады.

Әділет Мұсахаев

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы