Алматы экономикасының барлық саласында оң динамика байқалады – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Орталық коммуникациялар алаңында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірдің соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен таныстырды. 10 айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында оң динамика байқалғанын айтты. Осы бағытта шолу жасаған едік.
Мәселен, өнеркәсіп 5,1%, инвестиция 3,1%, бөлшек сауда – 11,8% -ға, көтерме тауар айналымы – 1,3%, құрылыс – 3,2% өскен. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру 8,8%-ға (1552,5 мың шаршы метр) артқан.
Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімі 11,8% өскен. Оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда республикалық түсім 13,7%, ал жергілікті жерде 5,5% -ға көп.
Қысқамерзімді экономикалық индикатор, соның ішінде 6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму динамикасын қоса алғанда, соңғы он ай бойынша 104,9% құраған.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 260,5 млрд теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 103,2% құрапты. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 1 552,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,8% артық.
Сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында екінші деңгейлі банктер сомасы 6 403 млрд теңге болатын несие берген. 2018 жылдың осы кезеңдерімен салыстырғанда ол 106,9% құрап отыр.
Оның айтуынша, қаладағы шағын бизнесті несиелеу 620,6 млрд теңгені құраған. Бөлшек тауар айналымының көлемі 11,8%-ға артып, 2 801,8 млрд теңгені құраса, көтерме сауда айналымы 9 036,9 млрд теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3% жеткен.
Ал сыртқы тауар айналымы (ЕАЭО мемлекеттерін қоспағанда) 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 8 341 млн АҚШ долларын немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,1% құраған. Оның ішінде экспорт тауарлары – 2 032,6 млн АҚШ доллары (117,8%), импорт – 6 308,3 млн АҚШ доллары (106,6%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы жағымсыз, яғни 4 275,7 млн АҚШ доллары.
Тұтыну бағаларының индексі 2019 жылғы қазанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,8% құраған. Оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша 107,3%, азық-түлік емес тауарлар бойынша 104,6%, ақылы қызметтер бойынша 98,7%. Ал, азық-түлік емес тауарлар тобы бойынша бензин бағасы 6,3%-ға төмендеген. Ақылы қызметтер бойынша: ыстық су бағасы – 23%, орталықтан жылыту 17,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 5,1%, білім беру бағасы 4,1%-ға төмендеген.
Мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 1 684,2 млрд теңге түсті немесе жоспарға сай 99,2%, оның ішінде республикалық бюджетке – 1 308,4 млрд, жергілікті бюджетке – 375,8 млрд теңге түсті, - дейді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, ол 2019 жылдың II тоқсанында жұмыссыздық деңгейі– 5,1% құрағанын айтты. Жұмыспен қамтылған адам саны – 29 711. Оның ішінде 19 002 адам жұмысқа орналастырылған. 1 219 адам әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істесе, жастар практикасында – 1 052 адам, қоғамдық жұмыстарға 3 777 адам қатысқан, кәсіптік оқуға 4 575 адам жіберіліпті.
Әкімнің сөзінше, 3 тоқсанда орташа айлық атаулы жалақы 220 мың теңгеден асқан. Номинал бойынша 12,3% артса, нақты мәнде қала тұрғындарының табысы 6,7%-ға өскен.
Кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту бойынша жұмыс
Әкім қорытынды баяндамасында қаладағы кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де басым бағыттың бірі екенін атап өтті. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілердің саны 2019 жылдың 1 қарашасына 190 157 бірлікті немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,9% құраған.
Алматы экономикасының салаларында есепті кезеңде өсім байқалуда. Осылайша, 780,2 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді. Өсімі 5,1%. Көтерме және бөлшек сауда көлемі 11838,7 млрд теңгені құрады, - деді ол.
Қала экономикасындағы ШОБ үлесі 39,9%-ға жеткен, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 01.10.2019 жылғы кезеңге сәйкес 187 770 бірлікті құраған, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 8%-ға жоғары.
Қала экономикасының өсуіне мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру ықпал етті. "БЖК" бағдарламасы бойынша 2019 жылға 5,3 млрд теңге бөлінді. Субсидиялау 117, кепілдік беру 47, гранттар 94, инфрақұрылымды жеткізу 2. "Еңбек" бағдарламасын іске асыру үшін 2019 жылға 2,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 2,1 млрд теңгеге 144 жоба қаржыландырылды.
"Жібек Жолы" аймақтық бағдарламасы бойынша 2015 жылдан бастап 12,7 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 16,3 млрд теңгеге 232 жоба мақұлданды, - деді Алматы әкімі.
Бизнесті дамыту мақсатында "Алматы Бизнес 2025" кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай өңірлік бағдарламасы әзірленген. Төлем қабілеттілігі мен әл-ауқаттылық талаптарына жауап беретін қолданыстағы бизнесті де, стартап жобаларды да қаржыландыратын компаниялар, яғни "Qoldaý кәсіпкерлік орталығы", AlmatyFinance ЖШС және Almaty микроқаржылық ұйымы құрылған.
Жыл басынан бері Кәсіпкерлер палатасымен бірге 5000 жеке кәсіпкерлік субъектілерін қамти отырып, "қарапайым заттар экономикасы" аясында несие беру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.
"Бизнестің жол картасы – 2020"
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында 28 млрд теңге несие сомасына субсидиялау бойынша 117 жоба, субсидияның болжамды сомасы – 0,7 млрд теңге мақұлданған. Сонымен қатар, несие сомасы 3,2 млрд теңгеге кепілдендіру бойынша 47 жоба, кепілдік беру сомасы 0,9 млрд теңге, инновациялық грант бойынша 145 млн теңгеге 94 жоба, болжамды сомасы 0,6 млрд теңгеге инфрақұрылымды жеткізу бойынша 2 жоба мақұлданған. "Бизнестің жол картасы – 2020" шеңберінде аталған жобаларды іске асыру кезінен бастап 5 157 жұмыс орны сақталыпты.
Ал, ИИДМБ аясында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 238,9 млрд теңгеге 11 мың жұмыс орнын құрумен 110 жоба енгізілген. Жобалар экономиканың 9 саласында іске асырылып жатыр. Олар тамақ, машина жасау, АӨК, құрылыс индустриясы, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу, ағаш өңдеу және химия өнеркәсібі.
Сөз арасында ол, 2019 жылы 1273 жұмыс орнын құратын құны 50,3 млрд теңгенің 14 жобасын іске қосу жоспарланып отырғанын айтып өтті. Оның ішінде 319 жұмыс орнын құратын 3,9 млрд теңгелік 7 жоба іске қосылыпты. 954 тұрақты жұмыс орнын құратын 46,2 млрд теңгенің 7 жобасы іске асырылу үстінде екен.
Almaty Invest Пайплайнында бүгінгі күні 11 мыңнан астам жұмыс орнын құратын құны 4 трлн теңге болатын 59 инвестициялық жоба бар. Оның ішінде өнеркәсіп саласында – 25 жоба, жылжымайтын мүлік саласында – 7 жоба, білім саласында – 7 жоба, денсаулық сақтау саласында – 6 жоба, инфрақұрылым саласында – 6 жоба, сауда саласында – 5 жоба, логистика саласында – 2 жоба, туризм саласында –1 жоба бар, - дейді Сағынтаев.
Индустриалдық аймақ
Бүгінде Алматыдағы индустриалдық аймақта 44 компанияның құны 181 млрд теңге болатын жобалары жүзеге асырылып жатыр. Оның 8-і іске асырылып, 499 жұмыс орны құрылған. Атап айтар болсақ, BRB APК жылыжай кешені (7,8 млрд теңге), AlmapackCo. LTD қағаз қаптарын өндіретін зауыт (358 млн тг), DOCCo LTD оргтехника үшін картридждерді өндіретін зауыт (460 млн тг), Tokyo Rope Almaty (3,7 млрд тг), KMK Investment кабель өнімдерін өндіретін зауыт (12,7 млрд тг), KazTigerTape скотч және стрейч пленка өндіру зауыты (382 млн теңге), ASSET ЖШС полимерлік бұйымдар шығаратын зауыт құрылысы (421,5 млн теңге), "Энко" ЖШС жылу сумен жабдықтау жабдықтарын өндіру және құрастыру зауыты (800 млн теңге).
Жыл соңына дейін 1384 жұмыс орнын құратын 62,7 млрд теңге болатын тағы 5 жоба іске қосылады екен. Олар Азия стил (31 млрд тг), Техновид (3,0 млрд тг), Hyundai Trans Kazakhstan (25 мрлд тг), МИЗ Бижан (3,3 млрд тг), Алмерек (400 млн тг).
"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында 164 компания жұмыс істеп жатыр, оның ішінде 90 компания "эксаумақтық" қағидаты бойынша жұмыс істеуде.
Сауда саласы
Әкім сауда саласында көлеңкелі экономика қысқарып, өркениетті сауда дамып келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, көше саудасының заманауи форматтағы жаңа тұжырымдамасы енгізіліліп жатыр. Дүңгіршектер мен базарлардың орнына касса аппараттары бар өркениетті павильондар орнату жұмыстары жалғасуда.
«Бүгінгі күні 57 базардың ішінен 2013 жылдан бастап құны 18,7 млрд теңге болатын инвестиция салумен және 8 мың жұмыс орнын құрумен 23 базар жаңғыртылды, бұрын 6 мың жұмыс орны болды. Жаңғырту аясында 4 базарға құны 3,2 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік қолдау көрсетілді. «БЖК-2020» бойынша Қарқара –2,6 млрд теңге, Салем 390 млн тг субсидия алды. «Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша Мехриниса – 150 млн тг және «Еңбек» бойынша – Алтай 19 млн теңге алды», дейді әкім.
Сонымен қатар, сауда және қызмет көрсетудің жаңа нысандарының құрылысы мен ашылуы белсенді жүргізілуде, осылайша 400 жұмыс орнын құрумен AVTODOM сауда орталығы ашылған. Құйылған инвестиция 1,8 млрд теңгеден астам және Jaguar Land Rover автоорталығы 2,8 млрд теңге инвестициямен 90 жұмыс орнын құрған.
Бағаны тұрақтандыру
СҚПТ бағасын тұрақтандыру мақсатында құны 280 млн теңге болатын 4 түрлі көкөніс түріне – картоп, пияз, сәбіз және қырыққабатқа "бақылау қойылған". Бұлар "Магнум" сауда желісі арқылы сатылады екен. Бағалар нарықтан 13-30% төмен.
Сонымен қатар, ол ӘКК қаражаты есебінен "стратегиялық бетбелгі" шеңберінде 2019-2020 жылдарға арналған маусымаралық кезеңге 1,5 млрд теңге бөлінгенін айтты. "Магнуммен" 12 мың тонна көкөніске шарт жасалған. Желтоқсан мен сәуір аралығында картопқа шекті бағалар тіркелген, ол 110-нан 145 тг/кг-ға дейін, сәбіз 132-ден 162 тг/кг-ға дейін, пияз 108-ден 130 тг/кг-ға дейін және қырыққабат 148-ден 200 тг/кг-ға дейін.
Сондай-ақ, "Алель Агро" АҚ өндірушісіне "салқындатылған тауық аяқтарын" 6 ай ішінде, яғни, 2019 қараша 2020 сәуір аралығында белгіленген баға 745 тг/кг бойынша жеткізу үшін 500 млн теңге көлемінде қарыз бөлініпті. Өнімді сату 7%-дық үстеме бағамен Смолл (29 дүкен) сауда желісі арқылы жүзеге асырылған. Нәтижесінде сөренің бағасы – 799 тг/кг құраған, бұл қала бойынша орташа бағадан 13% төмен екен.
Жыл басынан бері бағаны ұстап тұру үшін қосымша айналым құны 4,9 млрд теңге болатын 488 жексенбілік жәрмеңкелер өтті. Бұдан өзге Алматы және Түркістан облыстарының қатысуымен 2 кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жалпы тауар көлемі 360 тоннаны немесе 200 млн теңгені құрайды, - дейді Сағынтаев.
Нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында AiZetFarms ЖШС мен нан пісірушілер арасында 3 мың тонна ұн жеткізу бойынша 115 тг/кг меморандум жасалған. 2020 жылдың 1 ақпанына дейін бөлке бағасы 80 тг болып тіркелген.
Сондай-ақ, қосылған сауда объектілерінің бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады екен. Сауда объектілерінде бағаны көтеру фактілері бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізіліп тұрады.
Метро жән көлік жолайрықтары
Қала әкімі баяндамасында Алматы метро құрылысының барысын да сөз етті. Қазір ұзындығы 3,1 км болатын "Сарыарқа" және "Достық" екі метро стансасының құрылысы жалғасуда. 4 көлік жолайрығының құрылысы басталған. Олар: Рысқұлов даңғылы – Құлжа тракті, Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактімен.
Көшелерді қайта жаңарту
Әкімнің айтуынша, қалада ұзындығы 10, 9 км болатын 3 көшені қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Олар ұзындығы 8,7 км болатын BRT желісі бойынша көше-жол желісі, Алматы көшесінен Яссауи көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін, ұзындығы 1,2 км, Сүйінбай даңғылынан Б. Хмельницкий көшесінен Шолохов көшесіне дейін Шолохов көшесінен солға қарай жүретін съездің құрылысымен, ұзындығы 1 км. Сонымен қатар, қазіргі уақытта BRT желісі шеңберінде Сүлейменов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін Жандосов көшесін ұзындығы 1 км қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, 14 ықшамауданда ұзындығы 121 км болатын 469 көшеде жол құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 4 ықшамаудандағы ұзындығы 41 км жол құрылысы бойынша жұмыстар аяқталған.
Сөз арасында ол биылғы жылы 45 объектіде 153,5 км су құбыры және 133,5 км кәріз құрылысы жоспарланып отырғанын айтты. Бүгінгі күні 110 км су құбыры және 105 км кәріз жүйесі салынған, оның ішінде Құрамыс, Жайлау, Таужолы, Колхозшы, Әлмерек, Первомайка, Алғабас, Боралдай ықшамаудандарында. "Алматы Су" МҚК тапсырысы бойынша 4 нысанның 11,7 км су құбырын қайта жаңарту жоспарланған. 10 айда 11,6 км су құбыры қайта жаңартылыпты.
Сонымен қатар, ол қаланы газдандыру барысына да тоқталып өтті. Алматы қаласы бойынша газ желілерінің жалпы ұзындығы – 5 112 км құрайды екен. Бүгінгі таңда қаланы газдандыру деңгейі 99% (оның ішінде қосылған аумақтар) құрайды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ қаражаты есебінен газдандырудың 100% деңгейіне қол жеткізу үшін 130 км газ құбырын салады. Оның 115 км салынған, жыл соңына дейін 15 км газ құбырын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, 2019 жылы жалпы ұзындығы 23 км газ тарату газ құбырларын қайта жаңарту жоспарланған. Қалған 7 км газ желілерін ағымдағы жылдың соңына дейін қайта жаңарту қолға алынбақ.
Цифрландыру деңгейі
Сөз арасында ол, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматыда цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Сандық мәдениет бағытын кешенді дамытуды қамтамасыз ету және дамыту үшін барынша оңтайлы орта құру үшін қала әкімшілігінде Цифрландыру басқармасы құрылған.
Бүгін Алматыда елдегі ең жоғары сандық сауаттылық деңгей (82,6%) бар. Мұнда Қазақстандағы ең ірі техникалық жоғары оқу орындары мен колледждер шоғырланған. Алматы әкімдігі 2018 жылы "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасының индикаторларына қол жеткізді. Сонымен қатар, Алматы Азаматтар үшін онлайн-қызметтерді дамыту бойынша Орталық Азиядағы бірден-бір қала. Мәселен, БҰҰ-ның рейтингісінде 25 орын және IDC SmartCities рейтингіне енді, - деді Сағынтаев.
Сондай-ақ, SmartCity аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік, ТКШ, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалар іске асырылып жатқанын айтты. 9 ай ішінде қызметтің 95%-ы электрондық форматта көрсетілген. Талап етілген мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылып, мемлекеттік қызметтер тізілімі бойынша және қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйелері бойынша электрондық болып табылған.
IT инфрақұрылымын дамыту
IT инфрақұрылымын теңгерімді дамыту қаланың сандық мәдениетін арттырудың маңызды басымдығы болып табылады. Сонымен қатар, Алматыда ақылды қала құру саласындағы жұмысты күшейту бойынша резервтер бар. Алматының IT-қауымдастығымен жұмыс күшейтілетін болады. Тұрақты негізде кездесулер, хакатондар мен идеялық форумдары өткізіледі, - дейді әкім.
Инновациялық белсенділікті жақсарту үшін инновациялар мен шығармашылыққа ықпал етпек. Халық пен бизнесті тартуды дамытудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету және регламенттер мен ережелер шеңберінде барлық қатысушы үшін әділ дамуды қамтамасыз ету үшін цифрландыру басқармасы жобаларды бағалау әдіснамасын бекітуді және жобалар тізімін саралауды жоспарлап отыр екен.
Жалпы, IT-білімнің әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлінген. 800 оқушыға арналған IT-лицей құрылған. Барлық мемлекеттік мектеп 100% кең жолақты интернетке, Wi-Fi, мультимедиялық үштікке (компьютер, проектор және интерактивті тақта) қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. 52 робототехника кабинеті ашылып, оқушылар сарайының базасында STEM-лаборатория MakerLab құрылған. Сондай-ақ, Алматы оқушылары бүкіл әлем бойынша робототехника жарыстарына қатысып келеді.
Соңғы уақытта IT-олимпиадаларға қатысатын оқушылар саны 36%-ға артқан. Өткен жылы 7,1 мың түлектің 850-і IT-мамандықтарға түсіпті.
Әкім сөз арасында жыл соңына дейін қаланың техникалық жоғары оқу орындарымен жұмыс жасалатынын айтып өтті. Бүгінгі таңда SatbayevUniversity және НАРХОЗ университетімен ынтымақтастық туралы 2 меморандум жасалған. Меморандумға сәйкес тараптар Алматы қаласында АКТ дамыту үшін жобаларды қолданбалы әзірлеу және ықпалдастыру әдіснамасын әзірлеуге және іске асыруға белсенді және тікелей қатысатын болады.
Білім беру саласын дамыту
Алматы қаласының білім беру жүйесінде 1281 білім беру ұйымы жұмыс істейді екен, оның ішінде 897 мектепке дейінгі ұйым, оның 185 мемлекеттік, 712 жекеменшік балабақша, 266 мектеп, оның 205 мемлекеттік және 61 жекеменшік, 80 колледж, оның 22 мемлекеттік, 58 жекеменшік, 4 интернат ұйымы, 24 қосымша білім беру ұйымдары, 18 мемлекет, 6 жекеменшік ұйымдар екен.
Әкімнің айтуынша, 2019 жылы 560 орынға арналған 3 мемлекеттік балабақша және 2618 орынға арналған 113 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілген. Барлығы 3178 орынға арналған 116 мектепке дейінгі ұйым бар.
Сонымен қатар, ол 640 орындық 4 мемлекеттік балабақша құрылысы жалғасып жатқанын айтты. Олар №18, 21 мектептердің аумағында әрқайсысы 120 орындыққа арналған, "Алғабас" ықшамауданы 120 орындық, "Жас Қанатта" 280 орындық мекеме. Бостандық ауданында әлеуметтік жауапкершілік аясында 150 балаға арналған балабақша құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ, қалада 276 983 оқушыны қамтитын 266 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді екен. Оның 205 – мемлекеттік, 61 – жеке. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Алматы қаласының оқушылары республика бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болған. Атап айтар болсақ, ОЖСБ қорытындысы бойынша (4,9,11 сыныптардағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау), оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсында, 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиадада, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада – "Үздік республикалық команда", 2-4 сынып оқушылары арасындағы "Бастау" республикалық математикалық турнирінде.
Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың нәтижелері бойынша 2019 жылы қала мектептерінің оқушылары 352 жүлделі орынға ие болған, оның ішінде 90 алтын, 124 күміс және 138 қола медаль бар.
Осы жылдың 1-6 қыркүйегі аралығында Мәскеу қаласының мэрі С.Собяниннің бастамасы бойынша IV Халықаралық Мегаполистер олимпиадасы өтті. Оған әлемнің 45 ірі мегаполистерінің оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Алматы қаласының оқушылары ІІІ командалық орынға ие болған, ал жеке есепте 6 адам жүлделі орындарға ие болды (2 күміс және 4 қола медаль).
Әкімнің айтуынша, халықтың қарқынды көші-қонына, бала туудың ұлғаюына байланысты мектептерде оқушы орындарының тапшылығы сақталуда. Қазіргі уақытта оқушы орындарының тапшылығы 30 183 құрайды екен.
2019 жылы оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін Алатау ауданында 600 орындық №201 мектеп, Бостандық ауданындағы №105 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс пайдалануға берілді. Түрксіб ауданының "Колхозшы" ықшамауданында 600 орынға, ал Әуезов ауданының "Мамыр" ықшамауданында 1200 орынған арналған мектеп құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, жекеменшік инвестициялар есебінен 600 орындық мектеп (Е.Тәтішев қоры), 3017 балаға арналған № 61, 123, 164, 172, 140 мектеп жанынан қосымша құрылыс салынуда. Бұлардың ашылуы 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, - дейді Сағынтаев.
2020 жылы МЖӘ шеңберінде 12 900 орындық 8 мектеп, 1640 орынға арналған 3 жекеменшік мектептің және мектептер жанынан әрқайсысы 600 орынға арналған 2 қосымша құрылыс салу жоспарланып отыр екен.
Денсаулық сақтау саласын дамыту
Биылғы жылы Алматы қаласы халқының денсаулығының негізгі индикаторлары:
• Туу 1000 адамға шаққанда 18,22-ден 18,33-ке дейін өсті (ағымдағы жылдың 8 айында ресми статистика деректері бойынша 1%-ға);
• Қатерлі ісіктерден өлім-жітім 14,3%-ға 100 мың адамға шаққанда 92,86-дан 81,23-ге дейін төмендеді, жоспар бойынша 87,84;
• Туберкулезден өлім-жітім 9%-ға төмендеді, 100 мың тұрғынға шаққанда 2,4-тен 2,2-ге дейін, жоспар бойынша 3,7.
Әкімнің айтуынша, биылғы 10 айда келесі нәтижелерге қол жеткізілген:
• 1 жалпы практика дәрігеріне тіркелген халық саны 1630 адамды құрады, жоспар бойынша 1700 адам;
• ТМККК шеңберінде қаржыландырылатын стационарлық көмекті тұтыну деңгейі, әлеуметтік маңызды аурулардан басқа, 1000 тұрғынға шаққанда 821 күндік төсекті құрады, жоспар бойынша 862,8;
• ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді жеке жеткізушілердің үлесі 53,8% құрады, жоспар 52%;
• Дәрігерлердің жалпы санындағы бастапқы медициналық-санитариялық көмек дәрігерлерінің үлесі жоспардағы 31,5%;
• Халықтың электрондық денсаулық паспорттарымен қамтылуы 90% құрады, жоспар 50%;
• 10 мың халыққа амбулаторлық-емханалық ұйымдармен қамтамасыз етілуі 4% жоспармен 4,1% құрады.
Алматы қаласында 2019 жылдың басында 27 аурухана ұйымы жұмыс істейді және 5585 жатын орындары бар. Сондай-ақ, ауысымына жалпы 15790 адамды қабылдайтын 38 амбулаториялық-емханалық ұйым бар. ЕПП бойынша барлығы 27 медициналық ауруханалық ұйымды біріктіру жолымен қайта құрылған және 10 кластер құрылады.
2019 жылдың соңына дейін №1 перзентхананы, қалалық кардио және ревмоорталықтарды және Адам репродукциясы орталығын қосу жолымен жедел шұғыл жәрдем ауруханасы базасында 815 төсекке арналған №2 көпсалалы қалалық аурухананы қалыптастыру жоспарланған. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасын, тері-венерологиялық диспансерді және Перинатология және Балалар кардиохирургиясы орталығын қосу жолымен Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында 650 төсекке арналған № 3 көпсалалы қалалық аурухананың этогосымен қатар. Сондай-ақ, №2 және №4 перзентханаларды, "Алатау" ауруханасын қосу жолымен №4 Қалалық клиникалық аурухана базасында 575 төсекке арналған көпбейінді қалалық №4 аурухананы қалыптастыру және ерте балаларды оңалту орталығын, "Алау" және "Балдәурен" оңалту орталықтарын біріктіру жолымен Қалалық балаларды оңалту орталығы базасында қалалық балаларды оңалту орталығын құру жасалды.
Осы шаралардың барлығы халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, ауруларды диагностикалау мен емдеуде мультидисцисплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге және әкімшілік шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді, - дейді қала әкімі.
Қала әкімі сөз арасынада осы жылы 4 жаңа медициналық нысан ашылатынын айтты. Олар Психикалық денсаулық орталығының ғимаратына жапсарлас құрылыс, Алматы Онкологиялық орталығының радиологиялық корпусы, Наурызбай және Түрксіб аудандарында медициналық көмек көрсету қызметінің екі қосалқы стансасы. Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 4 нысан ашылады. Олар № 32 емхана жанындағы Алтай" дәрігерлік амбулаториясы, Алатау ауданындағы жедел жәрдем стансалары, №4 перзентханаға жапсарлас құрылыс, Патологоанатомиялық бюро.
Әлеуметтік көмек және жәрдемақы төлеу
Әкімнің айтуынша, жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек 10 930 отбасына төленген. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға белгіленген нормативтер шегінде тұрғын үй-коммуналдық шығындарын төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі, егер отбасы бюджетіндегі шығыстар оның жиынтық табысының 10 пайыздық үлесін құрса. Тұрғын үй көмегін төлеу 2200 адамға жоспарланған.
Сонымен қатар, ол осы жылдың 30 сәуірінен бастап бір терезе қағидаты бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға арналған Бақытты отбасы әлеуметтік орталығы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Тамыз айынан бастап қаланың барлық ауданында "Бақытты отбасының" ұқсас орталықтары ашылды. Онда IskerAna әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы іске асырылуда. "Бақытты отбасы" аудан орталықтарында 11,6 мың отбасы ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдауға ие болды. 3,2 мың отбасы әдістемелік және заң көмегін алса, ана мен балаға арналған салауатты өмір салты кабинетіне 1,7 мың барды. 4672 адам оқиды. Оқыту курстарына – 3 838 адам, бір күндік курстарға – 2 084 адам барады. 24 адам шағын несие алды. 244 көпбалалы ана жұмысқа орналасты, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ, ол қаладағы жұмыссыздар саны 50,3 мың адамды құрайтынын, жұмыссыздық деңгейі – 5,1% деңгейінде екенін айтты.
Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде өз бетінше жұмыспен айналысушылар 72,5 мың адам, олардың жұмыспен қамтылған халық санынан үлесі 7,7%-ды құраған.
Биыл өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасын тапқан. Бірінші бағыт шеңберінде техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) қиын өмірлік жағдайда жүрген 9-11 сынып түлектерінің және аз қамтылған отбасы мүшелерінің, сондай-ақ азаматтардың өзге де санаттарының 2500 түлегі қамту жоспарланған.
Алматы қаласы қоғамдық кеңесі
Әкімнің айтуынша, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктер, бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар мен партиялар, білім беру, спорт, шығармашылық салалары өкілдерінен тұрады. Барлығы – 37 адам. Қоғамдық кеңестің құрамында 7 комиссия жұмыс істейді.
Комиссия отырыстарында 18 мемлекеттік орган басшыларының "Алматы-2020" Даму бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша есептері тыңдалған. Олардың ішінде бюджеттің орындалуы, тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптарын сақтау және тағы басқасы бар.
Алматыда бұған дейін Қоғамдық кеңестің 20 отырысы, 20 комиссия отырысы, 20 қоғамдық мониторинг және 1 қоғамдық тыңдау өткен.
Нормативтік-құқықтық актілердің 63 жобасы қаралып, тиісті ұсыныстар мемлекеттік органдарға жіберіліпті.
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында берілген тапсырмасын орындау шеңберінде қала орталығында митингілер өткізу үшін қосымша орын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді ол.
Жастар саясаты
Бүгінгі таңда Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 692 мыңнан астам жас өмір сүреді. Оның ішінде 233 мыңнан астамы 39 ЖОО мен 81 ТжКБ студенттері. Жыл сайын өңірлерден қалаға 35 мыңнан астам адам келеді екен.
Жастар жылы шеңберінде жыл соңына дейін Алматы қаласында жұмыс істеп тұрған жастар үшін 5 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз 1050 пәтер берілмек.
Жұмыс істейтін жастардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау үшін арнайы www.almaty-jastary.kz сайты жұмыс істеп келеді. Өтінімдерді қабылдау 30 қазан мен 12 қараша аралығында өткен. Бірінші пул бойынша Алатау ауданына қарасты "Көкқайнар" ықшамауданында орналасқан 249 пәтер беріледі.
Жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 29 жасқа дейінгі 14 687 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа, "Бастау бизнес" бағдарламасының "Жас кәсіпкер" жобасы аясында Алматы қаласында ағымдағы жылдың соңына дейін NEET санатындағы 18-29 жас аралығындағы 2 650 адамды оқыту жоспарлануда, - дейді қала әкімі.
Бұл жоба жастарға Кәсіпкерлік істің негіздерін игеруге, өз орнын табуға, өз бизнесін ашуға, грант түрінде бастапқы капитал алуға 200 АЕК (505 мың теңге), сондай-ақ әрбір қатысушы 16 759 теңге көлемінде бір реттік стипендия алуға мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар, "5 әлеуметтік бастамалар" шеңберінде 1 377 орындық 4 жатақхананың құрылысы аяқталған. ҚазИТУ- 400 орындық, Асфендияровта – 512 орын, ЕТУ – 200 орын, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – 265 орын.
2020 жылы 300 орындық екі жатақхананың құрылысын аяқтау жоспарланған.
Туризм
Он айдың қорытындысы барысында қала әкімі Алматыға туристерді тарту мәселесіне ден қойып отырғандарын да айтып өтті. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы шетелдік туристердің саны 28%-ға өсіп, 206 мың шетелдік туристерді құраған. Бұл ретте Алматы қаласында туристердің жалпы саны 17%-ға артып, 590 мың туристі құраса, оның ішінде ішкі туристер саны 11,8%-ға өсіп, 384 мыңды құраған.
2019 жылғы қаңтар-қазанда Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы келген туристердің саны 14%-ға артып, 509,9 мың туриске жеткен. Туристердің ең көп ағыны Ресей Федерациясынан келіп, 132,1 мыңнан астам адамды құраса, екінші орында ҚХР – 42,9 мыңнан астам және үшінші орында 31,7 мың адаммен Өзбекстан тұр.
Түркиядан келген туристер саны – 25,7 мыңнан астам, Үндістаннан 25,6 мың және Оңтүстік Кореядан 24,6 мыңнан астам адам келген.
Туристердің өсуімен бірге орналастыру орындарының саны да артқан. Тек бір жыл ішінде қонақүйлер мен хостелдердің саны 237-ден 320 орынға дейін өсіпті.
Сонымен қатар, орналастыру орындарында көрсетілген қызметтердің көлемі 14 млрд теңгеден асқан. 2017 жылы – 10,5 млрд теңге болса, 2018 жылы – 11,2 млрд. Теңгенің құраған.
VisitAlmaty ресми сайтының статистикасы бойынша, осы жылдың 10 айында visitalmaty.kz сайтының қаралуы 78%-ға артқан. Қаралым көрсеткіші – 252 мыңнан асқан.