Алматы – Екатеринбург тас жолында болған апаттан үш адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 18 қарашада болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Алматы – Екатеринбург тас жолында Балқаш бағытында келе жатқан ВАЗ-21015 көлігінің 21 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп MAN жүк көлігімен соқтығысқанын хабарлады. Оны 45 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан. Соққының салдарынан көлік шұңқырға аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан ВАЗ-21015 жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ведомство.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы