Денсаулық сақтау басқармасы вакцинадан кейін қайтыс болды деген адамға қатысты түсінік берді

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазин вакцина алған соң қайтыс болды деген ақпарат тарады. Осыған қатысты Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

Азамат Б.Нұртазин, 1979 жылы туған, осы жылдың 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған. 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған,-делінген хабарламада.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған.

Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады,-делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы