Алматы дәмханасындағы өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыған
Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы ТЖД өрт сөндірушілері Әуезов ауданының Фуркат көшесі бойындағы жеке тұрған дәмхана шатырының жануын сөндіруде. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.
Осы сәттегі мәлімет бойынша, өрт жақын тұрған жеке тұрғын үйдің шатырына көшкен. ТЖМ күштерімен өрттің 500 шаршы метр алаңы оқшауланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маймыл шешегі. Ауру жануарлар арқылы адамға жұға ма?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы