"ALMATY CIRCUS FESTIVAL" II Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Фестиваль Қазақ мемлекеттік циркінде 24-28 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға әлемнің көптеген елдерінен келген цирк өнерінің жанкүйерлері мен цирк өнерінің үздік өкілдерінің басын қосады.

Алматылықтар мен әсем қаламыздың қонақтары Қазақ мемлекеттік циркінде барлық континенттердің үздік цирк әртістерін және номерлерін тамашалай алады, олар фестивальдің жоғары марапаттарын алу үшін өздерінің таланттары мен кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Фестиваль қатысушыларының өнерін халықаралық кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік цирк өнері майталмандары мен амбассадорлары кіреді,- деді Қазылар алқасының төрағасы «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» және Қазақ мемлекеттікциркінің директор Мақсат Жаиков.

Фестивальге Қытай, Жапония, Қазақстан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопия сияқты әлемнің 18 елінен келген үздік әртістер қатысады. Олар өздерінің өнері мен кәсібилігін халықаралық қазылар алқасы мен көрермендердің алдында көрсетеді.

Біз көрермендер үшін жай ғана конкурстық бағдарлама емес, нағыз жанды, жоғары деңгейдегі заманауи цирк шоуын дайындадық. – бұл асқан батылдықтың, адамның абсолютті фантастикалық мүмкіндіктерін көрсетудің таңғажайып мерекесі болады. Биыл Фестивальға арнайы ерекше жарықтандыру шешімдерімен үйлесетін ұлттық этно-стильдегі жаңа эксклюзивті дизайнерлік костюмдер тігілді, бұл балалар мен ересектерге көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлер беретін түрлі-түсті шоудың есте қалатыны сөзсіз,- деді «Қазақ мемлекеттік циркінің» және «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» Бас қоюшы режиссері Марина Редько.

Фестиваль аясында 24-28 шілде аралығында күн сайын сағат 16:00-де қойылым өтеді. 
"ALMATY CIRCUS FESTIVAL" жеңімпаздары мен финалистерінің қатысуымен өтетін фестиваль бағдарламасы 2024 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады. Әр демалыс күндері көрермендерге ұмытылмас қуаныш сыйлайтын қойылымдар болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы