Алматы бойынша монополияға қарсы департаменті қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті баға мониторингінің нәтижелері бойынша қант бағасының алыпсатарлық өсу белгілерін анықтады.
Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми сайты хабарады.
Қазіргі уақытта нарық субъектілерінің басым үлесін айқындау мақсатында ірі өнім берушілердің атына сұрау салулар жіберілді. Монополияға қарсы талқылау қорытындылары бойынша тиісті ден қою шаралары қабылданатын болады.
Монополияға қарсы Департамент дүрлігуге жол бермеуге шақырады және бәсекелестікке қарсы келісімдер, келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуі, сондай-ақ үстем жағдайды теріс пайдалану монополиялық табысты (таза пайданы) тәркілей отырып, табыстың 3-5% - ы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы