Алматылықтарға біліктілігін арттыру үшін тегін лицензия беріледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте цифровизация Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев хабарлады.
Бүгінгі таңда оқу орнында білім алу үшін дәрістер мен практикалық сабақтарға күнделікті бару қажет емес. Үйден шықпай-ақ оқып, білім алуға болатын көптеген веб-сайттар мен қызметтер бар. Бұл қызметтердің ішіндегі ең үлкені және беделдісі- Coursera.
Баян Қоңырбаевтың айтуынша, Алматыдағы Цифрландыру басқармасы мен жұмыспен қамту орталығы Coursera компаниясымен әлемнің жетекші университеттеріне 5000 студентті ақысыз қабылдауға мүмкіндік беру туралы келісімге қол жеткізген. Келісімге сәйкес, оған 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін қол жеткізуге болады. Бұл мүмкіндік тіркеу процесін 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтаған пайдаланушыларға ғана беріледі.
Coursera - бұл әлемнің үздік университеттерінің онлайн курстарын ұсынатын онлайн білім беру платформасы. Қазіргі уақытта оның 48 елде 200-ден астам серіктесі бар. Бұл серіктестер - Стэнфорд, Пенсильвания, Принстон, Мичиган, Пекин университеттері. Сонымен қатар Coursera IBM, Google және PwC сияқты компаниялармен серіктестік орнатты. Бұл компаниялар да Coursera бойынша курстар жасап жатыр,-дейді басқарма басшысы.
Курсқа тапсырмалар, апта сайынғы тесттер және қорытынды емтихан кіреді және курс соңында сертификат беріледі. Әр курс ұзақтығы- таңдаған бағдарламаға байланысты 6-10 апта аралығын қамтиды.
Сонымен қатар, ол курсқа қатысу үшін қалай өтініш беруге болатынын айтып өтті.
Әлемдегі ең жақсы білім беретін сайттардың курстарына қатысу үшін, аты-жөні, қызмет түрі және электронды поштасы көрсетілген өтінішті almaty.coursera@mail.kz электронды мекен-жайына жіберу керек. Содан кейін электронды поштаға шақыру хабары жіберіледі. Тіркелгеннен кейін сайтта ұсынылған кез-келген курстарды, мысалы IT, қолданбалы және гуманитарлық ғылымдар, экономика, медицина, менеджмент және маркетинг және тағы басқа курстарын таңдай алады,-дейді ол.
Өтінімнен кейін 5 күн ішінде жауап келеді. Егер жеке кабинет екі аптадан артық қолданылмаса, бірден жойылады. Білім алушылар саны шектеулі, яғни 5000 адам.