16 Шілде 2024 2024, 19:50 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы базарындағы өрт ауыздықталды

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір өрттің негізгі ошағы сөндіріліп, оның басқа жаққа таралуына тосқауыл жасалды. Ахуал тұрақты, - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден 6 рет өрт ошағына су шашылды. Өрт 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.