Алматы базарында ломбард өртенді
Оқиға қаланың Наурызбай ауданында болған. Жалын 15 минуттың ішінде өшірілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
9 қыркүйек күні сағат 9:20 да Алматы қаласы ТЖД күштер мен құралдары Наурызбай ауданы, Ташкент тас жолы, 17/1 мекенжайы бойынша хабарламаға жіберілді. Келген сәтте жұмыс істемейтін үй-жайдың шатырынан ломбард шатырына таралған өрт 100 шаршы метр аумақты шарпығанын анықтады. Оқиға орнынан 1 газ баллоны (50л) шығарылды. 15 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 9:48-де жойылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына сауда орындарға жақын болғандықтан ТЖД жеке құрамынан 48 өрт сөндіруші және 14 бірлік техника жіберілді. Бірақ өрт қас қағым сәтте оқшауланғаннан кейін, техниканың басым бөлігі қайтарылды,- деді ТЖД.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы