"Алматы бас жоспарының" бас директорының орынбасары сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен «Алматы бас жоспары» ЖШС бас директорының орынбасары С. Өмірәліұлы сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол алаяқтық жасағаны және жергілікті кәсіпкерді жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда 1,5 млн теңге пара алған сот төрағасы ұсталды
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы