Алматы – Бангкок рейсі техникалық себеппен Делиге шұғыл қонды

18 желтоқсанға қараған түні Алматыдан Бангкокқа бағыт алған Air Astana әуекомпаниясының KC931 рейсі техникалық себепке байланысты Үндістанның Дели қаласына шұғыл түрде қонды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Рейс Алматыдан 01:00-де ұшып, Дели әуежайына жергілікті уақыт бойынша 05:51-де штаттық режимде қонған.

Авиакомпанияның мәліметінше, жолаушыларға тамақ беріледі, уақытша визалар рәсімделеді және қонақүйге орналастыру мәселесі шешіледі. Сондай-ақ Бангкокқа ұшуды жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда.

Air Astana жолаушылардың қауіпсіздігі әуекомпания үшін басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы