Алматы – Бандар-Аббас – Масқат құрлық жолы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Омандағы Елшілігінің қолдауымен «Kazakhstan Carrier Company», «Atrakbar Khorasan» және «Integrated» көлік компанияларының бірлескен күш-жігерімен Алматы – Бандар-Аббас – Масқат бағыты бойынша көліктік пилоттық жоба іске асырылды.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Алғаш рет қазақстандық «Optograd» компаниясының өнімдері жерүсті көлігімен Оманның Суэйк портына жеткізілді.
Жобаға қатысқан компаниялар болашақта Алматы-Масқат бағытындағы құрлық жолының мерзімі 12-14 күнге дейін қысқаруды жоспарлып отыр, ал оның бәсекеге қабілеттілігі екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Оман қазақстандық тауарларды аймақтағы және Африкадағы елдерге жеткізу үшін перспективалы транзит бағытына айналуы мүмкін деп пайымдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада екінші Оқушылар сарайының құрылысы басталды
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы