Алматы автобустарында жүргізушілерді қорғайтын бөлім пайда болады
Алматының жаңа автобустарында жүргізушіні жолаушылардан бөлетін бөлімдер пайда болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласы мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев мәлімдеді.
Жаңа автобустар сатып алғанда, біз жүргізуші мен жолаушылар арасын бөлуді қарастырып жатырмыз. Жаңа автобустарда арнайы аймақ болады. Автобус жүргізушілерінің шабуылынан қорғайды. «Дабыл түймелеріне» келетін болсақ, техникалық ақау болуы мүмкін, – деді Сағындық Телібаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді. Алматы полиция департаменті мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18:15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарынан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан. Арасында зардап шеккендер де болды.