Алматыда ұрланған автобөлшектер сататын тағы бір орын анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Ұсталған автобөлшектер сататын орын Бостандық ауданынан анықталды, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлағандай, қылмыстық және жергілікті полиция автобөлшектерді заңсыз сататын орындарды анықтауда рейд жүргізуді әлі де жалғастыруда. Бірнеше сағат бұрын аумақтарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері автокөлік құрылғыларын сататын кезекті орында анықтаған.

«Белгілі болғандай қожайын сауданы гаражында жасап келген, онда бұрын ұсталған автобөлшектер табылды. Тексеру нәтижесінде 100-ден аса айна, үш аккумулятор табылды. Сондай-ақ бұл құрылғыларға сатушының еш құжаты болмады. Қазір олардың ұрлық затқа қатысы бар-жоғы әрі кімдікі екені анықталуда. Бізге келіп түскен арыз-шағым бойынша тексеріс жүріп, жәбірленушілер тарапынан тану жұмыстары жүргізілуде»,-дейді Бостандық ауданы Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев. 

Егер көрсетілген суреттегі автоайналар арасынан өз затыңызды танып жатсаңыз, Бостандық ауданы Полиция басқармасына хабарласуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы