Бас санитар Алматы ауруханасындағы тексеру жұмыстары қашан аяқталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Бас санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebоок-тегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында ашылатын әуе рейстерінде ересек адамдарға қойылатын санитариялық талап балаларға да қойылады. Ал, балаларға арналған жеке қорғаныш (маска, қолғап) заттарынан қиындық туындауы мүмкін. ПТР-тестіден өту сәбилер үшін ауыр процедура. Осы арада бортта балаларға деген қауіп қандай? Көрерменнен келген бұл сұраққа Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтыру қаупі ересектер мен балаларда бірдей екенін айтты. 

Аса қажет болмаса, балалардың ұшуын шектей тұру қажет. Ал, егер жас баламен ұшуға тура келсе, онда ұсынылған талапты сақтаған жөн. Емізулі балаларға қатысты айтарым, олар қолдарымен ештеңе ұстамайды, сондықтан анасы барынша мұқият болуы керек, - деді ол.

Бас санитар Алматы орталық клиникалық қалалық ауруханадағы жағдайға қатысты ойымен бөлісті. 

Алматыдағы орталық клиникалық қалалық аурухананың медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыру себептерін тексеру жалғасуда. Бірақ, алдын ала мәліметтер бойынша, науқастарды сұрыптау бұзылған, аурухананы қайта құру тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз өткен. Сонымен қатар, аймақтарға бөлуге қатысты, қызметкерлердің, пациенттердің қозғалысына қатысты, қорғаныш құралдарын қолдануға қатысты сұрақтар бар, - деді Есмағамбетова.

Айжан Есмағамбетова тексеру жұмыстары қашан аяқталатынын айтты.

Вирус ошағында сырқаттанғандар санының біршама екенін ескерсек, жаңа вирус жұқтыру жағдайы тіркелсе, эпидемиологиялық инкубация кезеңінің де артатыны белгілі. Тиісінше, эпидемиологиялық тексеру мерзімі де созылады. Соңғы науқас жазылып шыққан кезде, бұл эпидемиологиялық зерттеу аяқталды және нәтижелері де осындай болады деп айтуға болады, - деді бас санитар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы