Алматы аулаларының бірінде жастар жаппай төбелес ұйымдастырды

Әлеметтік желіде жастардың Алатау ауданындағы аулалардың бірінде жаппай төбелесіп жатқан видеосы тарады. Полиция оқиғаға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алатау ауданындағы тұрғын үй аулаларының бірінде болған. Төбелестің барлық қатысушысы полицияға жеткізілді.

Қақтығысқа қатысқандардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Көше төбелестері жай ғана тұрмыстық жанжал емес, бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет. Қоғамдық орындардағы кез келген агрессиялық әрекет назарсыз қалмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзып, күш қолданған әрбір азамат заң алдында жауап береді, – деді Алатау ауданы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан алынған кадр
Өзгелердің жаңалығы